Бұл бетте «Жанарыңмен тұнық қара» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
19.07.2021
0
0
995
Жанарыңмен тұнық қара
Есiмдi алдың, Лəйлi-елесiм...
Саусағыңды бүгiп қана
Қашан маған шəй бересiң?
Таң менен түн тайталасып,
Пердеңдi ашсаң, Ай көресiң...
Ақ төсектi айқара ашып,
Қашан маған жай бересiң?
Үркекпiсiң, ұяңбысың,
Қандай тəттi назың, жаным?!
Маңдайыма сыярмысың,
Пешенеме жазылғаным?..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі