Жанымды түртiп жəй жатқан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жанымды түртiп жəй жатқан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Жанымды түртiп жəй жатқан
Келiп бiр қалдың қай жақтан?
Жəннаттың Перiштесi ме ең,
Жанарын нұрмен жайнатқан?!
Келсең кел, мейлiң, кет демен,
Есiгiмдi ашшы еппенен.
Жете алмай таңға,
Талаурап..,
Өзiм де азап шеккен ем.
Үркiнбе,
Бiзден жұрт қашық,
Именбе,
Төрге оз нық басып.
Тарқатшы алтын шашыңды
Нəр татсын жүрек жұптасып.
Келе ғой, жаным, кел берi...
Кiрпiгiң қандай зерлi едi?!
«Перiнiң шалығы ұрған...» деп
Сөз етсiн, мейiлi, ел менi!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері