Балқаш – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Балқаш» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 2
  • 18965
Көргенімде сені алғаш,
Көл едің бір жап-жалаңаш.
Келдім тағы, койныңды аш,
Ұлы Балқаш, нұрлы Балқаш.
Өзгеріпсің таңғажайып,
Құшағынды еркін жайып.
Сәулетті үй, сәнді сарай,
Көз тойғысыз қарай-қарай.
Сені мұнша кім өзгерткен,
Елін қалай тез ер жеткен?!
Ұлы Балқаш, ойлы Балқаш,
Туған жерге нұрыңды шаш.

1948.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Багдаулет

Бала қасым тауы туралы толық ақпарат барма?

Осы автордың басқа өлеңдері