Ұқсастық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұқсастық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 845
Қазақтар да, башқұрттар да құптастық:
Ақиқатты дәлелдеуден шықпас түк.
Башқұрт, қазақ түрі, әдет-ғұрпында
Мойындастық, мол екен деп ұқсастық.
Ұқсас екен қонақжайлық салты да,
Қойын сойып, бас қоятын алдыңа.
Үлкенді аға, кішіні іні санайтын
Қайран қалдым өз жұртымдай қалпына.
Көзбен көріп, көпті біліп иландық,
Қонақ көде өтеп тағы қиналдық.
Ағаларым құда, өзім құдаша
Болып, ой-хой, құдалардан сый да алдық.
Егіз дерсің Ирандық пен Көкшені,
Жасыл алқап – би алаңы кештегі.
Майысыпты әппақ биші қайындар,
Билеп жүр ме Бурабайдан кеп, тегі.
Қазақтар да башқұрттар да құптастық,
Дәлелдіні дәлелдеуден шықпас түк.
Айтыңдаршы егер туыс болмасақ,
Қайдан келмек егіз сынды ұқсастық?!
Достық деген келіп едім іздермен,
Таныстым да мейірімі мол жүздермен,
Қаны бірге, жаны бірге туыс боп
Қайтып барам ағайындар сіздермен. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқсастық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұқсастық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұқсастық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұқсастық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері