Көңіл күй – madinaotkel

Бұл бетте «Көңіл күй» атты madinaotkel жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір өксік шірітеді қу жанымды,
Үсті-үстіне үдетті ғой уайым мұңы.
Айта алмай ешкімге әлі келемін мен,
Сыртым бүтін, ал ішім тым жаралы.

Кептеліп тамағымда тұр неше сөз,
Айтуға оқталсам, тек суланар көз.
Ал тілім күрмелгендей мешел күйде,
Күтемін келгенін ең оңтайлы кез.

Шарасызбын, жалбарыну тек амалым,
Бауырларым, анам, әкем бек қамалым.
Жырақта сағынышпен қалам алып,
Ыстық сәлем жолдайды балаларың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар