Екпін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Екпін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 783
Дұрыс айтпадым бірер сөздің екпінін,
Сол екпінге кетіп-ақ еді көп күнім.
Жеңіл екпін зілдей қадам байлайды
Әсер сәтте бола қалып тек мінім.
Екпінменен жөргегінде танысқан,
Өз тілінен мақрұм қалған «данышпан»,
Екпіндерін түгендемей өзгенің,
Туған тілін білмегенге намыстан.
Екпінді де, екпіндер де жетерлік,
Кей малмаңдар қанжығада кетерлік...
Екпіндерін түгендемей өзгенің
Дана тусаң ел намысын көтер тік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екпін өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Екпін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екпін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екпін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері