Мөлдір бұлақ
Бұл бетте «Мөлдір бұлақ» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Суың кәусар, жерің бай.
Көгалың гүл,
Мәнерлі сыр,
Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Елде бақыт, шаттық күй.
Әсем сырлы,
Қызыл гүлді,
Саған арнап тарттым сый.
Мөлдір бұлақ,
Жасыл құрақ
Етегінде оранған.
Талда бұлбұл,
Төгілтіп жыр,
Күнде сауық ән салған.
Мөлдір бұлақ,
Құлағың сап,
Ән әуезін тыңдайсың.
Сылдыр, сылдыр,
Тынбайсың бір,
Төмен ағып зырлайсың.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі