Отағасы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Отағасы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1731
Әппақ арды дал-дал жыртып,
Ойланбастан аттап еттің.
Парықтамай қылығыңды,
Қор еттің де, ұйықтап кеттің.
Бей-жайлықты өзің ектің,
Қабағыңа қарамақ кім.
Кірәсіні біткен шамдай
Өлеусіреп махаббатың.
Балаң еркін еркелемей,
Жанай алмай ығысады.
Анасына жалтақ-жалтақ,
Қабақпенен ұғысады.
Құлазыған көңіл көрдім,
Жыртық үйдей жылуы жоқ.
Бағдарсыз бос өмір көрдім
Өткелінен жылымы көп.
Шаңырақтың тіреуіші
Санап жүрген, отағасы,
Қаңқасы бар,
қалқасы жоқ,
Қалды ұяңның не бағасы?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отағасы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Отағасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отағасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отағасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері