Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз,
Дүниеде мәңгі жоғын ұғамыз.
Әсте бітпес мақсат қозғап көңілді,
Үмітке еріп сан майданға шығамыз.
Алатұғын түгесе алмай үлесін,
Mice болмай «Адам!» деген ұлы есім,
Жалғайды екен мәңгі өздері адамдар
Ізгілік пен зұлымдықтың күресін.
Бүгінгі күн қазақ жаппай саудагер,
Саудагерді алып сатқан дауда кер.
Обалсыздың алшы түсіп асығы,
Аймақты алып тебешікке тау төнер.
Алғаннан соң ақшаға әбден құнығып,
Адалдардың лайлап бар тұнығын,
Нарықшылар бөкті дағы байлыққа
Адамдарды қойды түгел ұры қып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері