Ленинград – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ленинград» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 821
Сенде туып өспесем де,
Етпесем де сені тұрақ
Кең даламдай жатқан жырақ,
Сүйіктісің, Ленинград!
Октябрьдің бесігі деп,
Ән төгілтіп, өлең құрап,
Жүрегімнен мәңгі тұрақ
Бергенім хақ, Ленинград!
Аврораның гүрсілінен
Оянғалы өлкем жырақ,
Қауыштық та ниет құрап,
Бауырластық, Ленинград!
Елім өсті жерім гүлдеп,
Шұғылаңнан сенің нұр ап.
Сусындадым білім — бұлақ
Болдың маған, Ленинград!
Aт сауырын ұсындың сан
Соңыңа ердім үлгің ұнап.
Ленин жаққан сөнбес шырақ,
Сен алдымда, Ленинград!
Жамбыл жыры жігер шындап,
Көзін тікті әлем сынап
Гранит боп қалдың шыдап,
Мызғымадың, Ленинград!
Сен ақиқат күрескері,
Шежіресің көне құлақ.
Келер саған талай ұрпақ,
Білер мәнін сенен сұрап
Ленинград, Ленинград!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленинград өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ленинград өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленинград өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленинград өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері