Әйел дейсің осалсынып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әйел дейсің осалсынып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған әйел туралы өлең берілген.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Әйел дейсің осалсынып,
Көңілің жұбап құр алдайсың.
Өзің және сол әйелсіз,
Бір күн өмір сүре алмайсың.
Тіліңнің бар уын төкпей,
Ажуа етпей жүре алмайсың.
Әйел тілі батып кетсе,
Отқа түскен жыландайсың.
Сөзің дәмі келмейтіндей,
Онсыз кеңес құра алмайсың.
Осыныңмен сен де әйелге
Жатқа білген құрандайсың,
Күні өткен құралдайсың.
Сен-ақ сөйле
мынау ұлы ел атынан,
Самалды тау, сахара жер атынан.
Мен ерекше атақ-даңқ бүркенбей-ақ
Қара халық арасын ала тұрам.
Аласа ма,
биік пе өз дауысым,
Көң шоқыған көп қарға арасында
Қырғи болып демеймін дара тұрам.
Менің үшін ұлы жоқ, биік те жоқ
Туған халқым ұсынған санатынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері