Сан-сала мазалайды ойлар небір – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сан-сала мазалайды ойлар небір» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 887
Сан-сала мазалайды ойлар небір,
Тозбайтын, тоқтамайтын жоқ мәңгі өмір.
Көз жұмсам дәмім бітіп ертең бір күн,
Жұрт келер кімге айтарын білмей көңіл.
Жасаған мұнша кәріп қылдың неден,
Жараттың әйел атаулыдан төмен.
Жақпады қай қылығым, не жазығым,
Шақырдың қаһарыңды неменемен?
Жақын жоқ, жанашыр жоқ туған-туыс,
Мен үшін мынау ғалам жәй бір қуыс.
Өтеймін деп алатын қарызымды
Салатын жаназалап топырақ уыс.
Жүруші ем тірек көріп Мәриямды,
Артымда иемденер деп ұямды...
Жан тәтем қайтқан күнгі қылығынан
Кеудемде сезім өлді, ар ұялды.
Қақырап ақау түсіп талабына,
Сенімді менен кейін қаларына...
«Артынды баға алмаймын маған сенбе» —
Қанықтай-ақ құдайдың хабарына.
Туғанда балаларын қуанып ем,
Тәубе деп тағдырыма уанып ем.
Атасы басқалығын бәрі ұқтырды,
Қайғымды бүгін қайда қуамын мен.
Арман қуып, жетпей біреу тоқырап,
Біреу жетіп ырысқа бөгіп отырады.
Сонда-дағы бақыттың ең үлкені
Уақытында алу депті Сократ.
Кешіріңіздер, көңілдерге дақ салғым
Кеп тұрған жоқ, болашағым-бақ балғын
Дей алам ба... кейінгіге аманат
Көңілімнің бір қалтарысын актардым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сан-сала мазалайды ойлар небір өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сан-сала мазалайды ойлар небір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сан-сала мазалайды ойлар небір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сан-сала мазалайды ойлар небір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері