Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім? – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім?» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім?
Мен өскеннен кімің кәне кішірдің?
Қадамыңа тұсау болып қайысыңды
Орға қарай қай биіктен ұшырдым?
Неге осы қоймайсыңдар шырақтар?
Әркімге арнап Алла жазған шырақ бар.
Кімнің шырағын кім сөндіре алады?
Тағдыр жазған әр шырақта тұрақ бар.
Артық болса қабілетім, ажарым,
Алла маған бөлген шығар назарын.
Сенің үлес несібең ол емес қой
Оның үшін неге көбейді азарың?
Мені күндеп бүлінгенше қуып жет
Қабілетіңді асыр дағы озып кет
Оның бірі келмес болса қолыңнан
Күн көрсеңші бейшара-ау жүріп тек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері