Бұйырып тұрса үзім нан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бұйырып тұрса үзім нан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 764
Бұйырып тұрса үзім нан
Кәпірдің қолынан да татасың.
Алланың болса әмірі
Жат топырақта да жатасың.
Бақ келіп қонса бармақтай
Шыққан тегіңе қарамай
Байлық теңізіне де батасың.
Ақсүйек болып айтулы
Ақылгөй болып та үн қатасың.
Тек жасыра алмайды
Уақыт емшінің өзі де
Ісіңнің барша қатасың.
Замандардан әрқашан
Сыр тартатын кемел бар
Сөйлейтін тіл-жақ болып
Өлең-жыр деген өнер бар.
Дүниенің ісі дүниеде қайтып,
Пәндәнің ешқандай ісі
Бақиға кетпейді деген бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұйырып тұрса үзім нан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бұйырып тұрса үзім нан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұйырып тұрса үзім нан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұйырып тұрса үзім нан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері