Азамат

Бұл бетте «Азамат» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1345
Өмірге тура қарап бойлағанды,
Қайыса халық қамын ойлағанды,
Ардақтап, азамат деп айтқан абзал
Әрқашан адамдығын жоймағанды.
Көлгірсіп күшті алдында тұрмағанды,
Әз ойын әділеттен бұрмағанды,
Өз малым түгел, өлсең өзің біл деп...
Іс жөнін құлқыны үшін бұрмағанды.
Әмісе сөзі түзік, ойы адалды,
Ұнатпас дәсерсітіп бояғанды,
Қаһарға «тіл кеспек жоқ» деп қасқайып,
Қасиетін дар алдында жоймағанды.
Көретін көптің күйін өз қосындай,
Қалмайтын халық десең сөз қоса алмай,
Әділет тұрған жерде ғана тұрар,
Профессор Кәкішұлы жан осындай.
Іңкәрі ғылым болып ұйыған-ды
Талғамай талаптыға нұр құйған-ды.
Жетелеп, жебеген соң өсер жасқа
Парасат биіктері бұйырған-ды.
Әйгілі, лауазымды сан адамдар,
Бүгінгі нарықты нық қалағандар,
Мамандар, талай доцент, профессорлар
Алдынан Тұрсынбектің тарағандар.
Түнекте қалған бір кез жарқын арман
Тарихта ақ таңдақ боп айқындалған.
Күш салып көп күңкілден арашалап,
Жолына шашты шуақ Сәкен салған.
Еңбегі ел алдында ұшан-теңіз,
Ғылымда салған ізін сонар деңіз.
Тұрсынбек қаламынан қанаттасып,
Жәйді өркен сын мен ғылым өрлеп егіз.
Мерейтой жеті асқар құтты болсын,
Бойыңа бітпес жігер қуат қонсын.
Ақынның берер саған ақ батасы —
Өмірін енді жасар ұжмақ болсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азамат өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Азамат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азамат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азамат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері