Оспанға – Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев)

Бұл бетте «Оспанға» атты Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2019
  • 0
  • 3
  • 20998
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек, жомарт құбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай,
Жалын жүрек суынбай,
Жан біткеннен түңілмей,
Жағалай жайлау дәулетің
Жасыл шөбі қуармай,
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Куляш

Нағыз шеберлік

Уллуэй

Керемет. Мен жақында онлайн жарысқа қатыстым. Мен осы өлең шумақтарын айтып бірінші орын алдым

Ersultan

Мен оте акылдымын

Осы автордың басқа өлеңдері