Бұл бетте «Дейтінің де бар мені толқымалы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дейтінің де бар мені толқымалы,
Қалай ғана толқымай ол тынады!
Көкірегімде күй жатыр теңіздейін
Басылмаған өр, асау толқыны әлі
Сол бір күйім көк жойқын толқымалы
Рахатқа жаныңды толтырады.
Үміттенбе үзеңгім үзілер деп,
Қайда барсаң алдында ол тұрады.
Ол тұрады алдында – мен тұрамын.
Құлағында құйқылжып толқыр әнім.
Қалайтының аташы қай мінезім,
Бәрін табам, олқынды толтырамын.
Дейтінің де бар мені толқымалы,
Қалай ғана толқымай ол тынады.
Көкірегімде күй жатыр теңіздейін
Басылмаған өр, асау толқыны әлі.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі