Ұнатарым – аппақ көңіл ашықтық
Бұл бетте «Ұнатарым – аппақ көңіл ашықтық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұнатарым – аппақ көңіл ашықтық.
Тағдыр мені қойған соған нәсіп қып.
Қайсыбіреу пайдаланып мұнымды
Маңдайыма тақ еткізеді қасық қып.
Ой, тоба—ай, бұл жаралмышты қойсаңшы,
Сол қасықтан алмаймын ғой ой тамшы
Өкінерім жоқ мұныма,
Көпке ұнар
Қасиетімді біреу үшін жойсамшы!
Арамдығын асырғанмен артты кім?
Адамдыққа жарасымсыз,
Қалтқы-мін.
Айырбасқа бара алмаспын даңқ үшін,
Қанымдағы халқымның бұл мәрттігін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі