Алау сезім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алау сезім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1036
Алау сезім қанатында
Көңіл көпті қиялдайды.
Қонбайынша құзар шыңға
Арманнан бой тыя алмайды.
Махаббаттың ақ жалыны
Шарпымаған жан болмайды,
Бірақ бәрі мәңгі үзілмес
Ғасыр асқан ән болмайды.
Ол көңілдің көктем шағы,
Гүлі көктеп бір дүр еткен.
Жанды жаулап, көзді баурап,
Жадыратып бір түлеткен.
Алқындырып, алауға орап,
Аймағыңды сағым қуған.
Санаң сезбей өзге сырды,
Табындырған, сағындырған.
Мәңгілік жоқ, мәңгі де жоқ,
Сезім сусып түскен торғын.
Жібек желдей желпіп өтіп,
Зырлағанда уақыт орғып,
Күн еңкейіп, ыстық қайтып,
Таудан шапақ асырады.
Соған мойынсұнып сонау
Алау сезім басылады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алау сезім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алау сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алау сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алау сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері