Үй тас

Бұл бетте «Үй тас» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 786
Орданың ерен екен тауы мына,
Қазақтың аңыз болған қауымына,
Шалдырмай аңызаққа, ақ боранға
Алыпты екі жасын бауырына.
Көкжартас, Қақпажартас, Кәріжартас,
Бір кезде еді бізге бәрі жартас.
Саңырау, меңіреу тас атанғанмен
Ішіңде болады екен мәні бар тас.
Айтушы ек қаттылықты тасқа теңеп,
Кей қатты болады екен тастан ерек.
Кей жаннан мейірімді дер едім мен
Мына тас мекендеген Ендік, Кебек.
Жарасып жар сүйгені жазық болып,
Жаз өмір жастар күткен тамұқ болып
Сәбиге жаназасы тумай шыққан
Осы тас төселіпті мамық болып.
Үй тасты кергеннен соң кетпеді ой,
Ұшырар ой сезімнің кептері ғой.
Жамырай жөнелетін жалт қарасаң.
Бұл дала көне тарих беттері ғой.
Көңілдер қалаулысын құша алмаған,
Қадам жоқ шариғатпен тұсалмаған.
Ар, ақыл торға түскен қаһар заман,
Балаға ана ара түсе алмаған.
Осыны деген қазақ «атам заман»
Атамнан ада болғыр қатал заман.
Қалың ел ұлы-қызын ең болмаса
Сауғаға сұрауға да бата алмаған.
Азшылық дүйім көпке өктем күшін
Өткізген, тіс жарғызбай еткен ісін.
Болсын деп зұлымдыққа әшкереші
Табиғат қойыпты өз ескерткішін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үй тас өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Үй тас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үй тас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үй тас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері