Жоқ заманы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жоқ заманы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Құйыны жоқ заманның
Болмасына көз жетті.
Кешегі күн жалындап,
Лапылдаған сөз жетті.
Бұдан артық қоғам жоқ,
Енді ұжмақ орнайды,
Кісі еңбегін қанаған
Қоғам, адам болмайды.
Десті, сенді ел, уда шу...
Жасасын да жасасын!
Құйынды тыя алған жоқ,
Тағдырдан қайда қашасың!
Тамтығы қалып ес жиды ел,
Паналап талдың, тасасын,
Құйыны тынды халықтың
Жартысын жұтып «Жасасын!»
Енді келді бұл заман
Дүниесін базарлап,
Бары-жоғын пұлдаған.
Өзін-өзі тәркілеп,
Өзін-өзі тұлдаған.
Ақырында «Жоқ» орнап,
Бірінен-бірі ұрлаған.
Жоқ құйыны ұрғандар
Тұралаған, тұрмаған.
Билік алған білгіштер
Құйынсыз коғам құрмаған.
Құйыны дауылға айналып,
Адамдар — қаңбақ зырлаған.
Қирады-ау деп қаңбағым
Әкімдер мойын бұрмаған.
Оқпанға құлап тоқ заман,
Орнады келіп «жоқ» заман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқ заманы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жоқ заманы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоқ заманы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоқ заманы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері