Кім дейсің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кім дейсің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 547
Ел үшін еңбек еткенді
Құл деп қорлау бұл қай қылық?!
Сол құлдың еңбегі емес пе
Төрт құбылаңды сай қылып,
Отырған сені бай қылып.
Өзің тонап алдын да,
Жібердің шетел асырып,
Құл жасап берген байлықтың
Қалғаны жатыр шашылып.
Шікірейіп келгенге
Есігің айқара ашылып.
Билеп-төстеп өзіңді
Қулығын отыр асырып.
От, суыңа да ие боп
Берекеңді әбден қашырып.
Еңбек ері деп өзің,
Жырлаған кеше Шамшырақ.
От басында ой басып
Қалып отыр сансырап.
Құл деп оны қорлайсың,
Өрекпіп тіпті қоймайсың.
Жатып ішкен наданның,
Айтқаны шын деп ойлайсың.
Төркінін сөздің білмейсің,
Әкең, ағаңды құл дейсің.
Ел қамын ойлар ақын-ау
Халқыңды ертең кім дейсің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім дейсің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Кім дейсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім дейсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім дейсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері