Шырмау – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Шырмау» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1758
Ішпек болып кіріп ем шөлдеп қымыз,
(Қыз қолынан дәм татып көрмекшіміз)
Алты қанат ақ үйде теру теріп
Сен отырдың сол сәтте,
өрмекші қыз...
Өрмекші-қыз,
Сырымды танып білген,
Сені көріп, есімнен таныппын мен.
Адарғы мен күзуге үңілем деп,
Өрмегіңе шырмалып қалыппын мен...
Шартын, салтын тірліктің ұғынбаймын,
Ұқпаған соң тынымсыз ызыңдаймын,—
Өрмекшінің торына шырмалып қап,
Шыға алмаған шарасыз шыбындаймын...

1986 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері