Жетекке еріп желіккен еспе көңіл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жетекке еріп желіккен еспе көңіл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 996
Жетекке еріп желіккен еспе көңіл,
Еспе көңіл билеген бөспе өмір.
Тырна болып тыраулап аспанға ұшқан
Тыраштарға толды пай мынау өңір.
Күн осылай тыраумен өтіп жатыр,
Құны кеміп адамдар болды пақыр.
«Адасқанның алды жол, арты соқпақ»
Боп жүрмесе жарады-ау соңы тақыр.
Ән саламыз, жыр жазамыз белсене,
Шындығына бермейді оның ел сене.
Шын шаттығы шыр-пыр істі шыңғырып
Шың асырсаң әсері жоқ еңсеңе.
Неғайбылдан тұман көңіл жайлауы,
Сусып жатқан сөз түйіні, байлауы...
Түп тұғыры тұтас емес қоғамның
Тіршілікте бітіп жатыр қай дауы!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетекке еріп желіккен еспе көңіл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жетекке еріп желіккен еспе көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетекке еріп желіккен еспе көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетекке еріп желіккен еспе көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері