Құлақ естімегенді көз көрді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құлақ естімегенді көз көрді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Лайықсыз тәуір кісі қылса жұмыс
Артына өле-өлгенше болады ұят.
Халық жырынан

Естімеген елде көп, естімеген,
Ер адасты дәстүрден есті деген.
Халқымыздың ғажайып әдет-ғұрпы,
Тәрізді еді бүгін де ескірмеген.
Қарқаралы тауының бауырында,
Қаз дауысты Қазыбек би ауылында,
Бата тілеп, қатынға бас ұсынған
Таң қалды жұрт азамат бауырына.
Толып отыр жасы үлкен азаматтар,
Лауреаттар, ғалымдар айтулы-ақ нар.
Ақсақалдар отырған жерде әйелге,
Бас тартпайтын қазақтың дәстүрі бар.
Бір-біріне қарасып таң қалысты,
Түсіне алмай өрескел аңғал істі.
Қозғалысып қойды да үн қатпады,
Көзін төмен түсірді әр намысты.
Ал жаулықты бас салып басты алды.
Ақсақалдарға ұсыну жәйіне қалды.
Ең болмаса біріне мезіреті етпей,
Құнжаң қағып әркімге үлес салды.
Кеше алыптар отырған қара шаңырақ,
Қаламгерлер қастерлеп тұтқан ардақ,
Соның терінде отырған басшы —
Нұрлан Қаперіне алма да оны да аңлап.
Қазақтықтың қаймағы бұзылмаған,
Жерден келдім деуші еді ол бұрын саған.
Сол ортадан зәредей үлгі-енеге,
Сыпайылық япыр-ай бұйырмаған.
Арқа сүйеп билікті адамдарға
Әккі қулық қолданар айла-амалға.
«Айдағаны бес ешкі ысқырығы
Жер жарғанға» бұл күнде амал бар ма!

18.10.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлақ естімегенді көз көрді өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құлақ естімегенді көз көрді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлақ естімегенді көз көрді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлақ естімегенді көз көрді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері