Найзатас – Мерей Қартов

Бұл бетте «Найзатас» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Бұлттарды дүлей жосылған,
Найзатас ұшы түйреген.
Айналдым әзиз басыңнан,
Құлжалар ғана билеген.

Сай-салаң жұрттың жыр-әні,
Бұлағың күйдей шертілген.
Қыраның алғыр, қырағы,
Желтаудан ұшып желпінген.

Әсемдеп Тәңір қалаған,
Сыры бар Сендік тастың да.
Төсінде жортқан абадан,
Тағдыры табан астында.

Осындай ғажап өлкенің,
Сұлуы таймас ғұрпынан.
Үр қызы сүйер еркегін,
Қар қызы ғашық сыртынан.

Шабытты шыңнан шақыртып,
Өлең отына шарпылғам.
Шөгетін атан, ат үркіп,
Найзатас-сенің нарқыңнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Найзатас өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Найзатас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Найзатас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Найзатас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері