Бәйтеректер көгерер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бәйтеректер көгерер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Бесік етіп даласын
Құндақтаған жырларын,
Өтіпті мынау пәниден
Қалихан есімді дарын.
Айтыскер еді сайыста
Болмаған орны босаға,
Қасқайып келіп тұратын,
Шаң жұқтырмай шашаға.
Өзі ұлыны асыра
Ұлықтап мен не дейін,
Атағын әлем асырып
Танытып-ак еді Семейін.
Аруақты асыл топырақ,
Құлапты бір Бәйтерегін.
Білдіріп көңіл жұртыма
Есімін өлеңге өрейін.
Аман болсын туған ел,
Бәйтеректер көгерер.
Тай өсіп әлі-ақ ер жетіп
Тұлпар боп өсіп теңелер!

19.11.2002 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйтеректер көгерер өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бәйтеректер көгерер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйтеректер көгерер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйтеректер көгерер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері