Дот – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дот» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Бородино даласы!
Куәсі қырғын ойранның.
Шіркін жер – ана жарасы
Қанша екен, сірә, ойладым.
Топырақ обыр талғандай,
Қан төкпей ғасыр өтпеген.
Өмірде өші қалғандай,
Ойнаған адам отпенен.
Жұтарман аузы үңірейген
Үңгірді біреу «дот»,– деді.
Елестей берді үреймен
Зіркілдеп оның от демі.
Жер ана!
Онсыз тірлік жоқ,
Қадірлеу – адам парызы.
Парызды осы мынау дот
Ескертіп тұрған тәрізді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дот өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дот өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дот өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дот өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері