Менің өлкем

Бұл бетте «Менің өлкем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1451
Жомарт қол бейне пішкендей мол, кен
Өнерлі ару зеріндей көркем,
Әлемде оған келер ме жер тең
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!
Мәңгіге адам жүрегін дос қып,
Салтанат құрған ынтымақ, достық,
Әлемде оған келер ме ел тең
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!
Кеудесі күміс, қойыны құрыш –
Шалқыған дәулет, тасыған ырыс,
Табысын теңер табылмас өлшем!
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!
Эфирде қалқып шопанның әні...
Зейнетті еңбек жемісі кәні!
Өрісте малы мыңғырып өрген
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!
Толқыған егін тың дала төсі,
Жұлдызын жақты қуатты ГЭС-і.
Балқыған болат өзенін көрсең!
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!
Шығарған дарқан елінің даңқын,
Кен пейіл, дана қауымы жарқын,
Өнерлі өрен ұрпағы өңшең!
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!
Күн сайын алуан тындырып тың іс.
Қуаты ерен, демі кең тыныс –
Гүлдене берер бүгіннен ертең
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!
Жомарт қол бейне пішкендей мол, кең,
Өнерлі ару зеріндей көркем,
Әлемде саған келер ме ел тең
Сүйікті – менің орденді өлкем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің өлкем өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Менің өлкем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің өлкем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Менің өлкем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері