Мұзағаңа – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мұзағаңа» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 937
Ақындықта қатарынан ұзаған,
Еңбектерін саралау ол ұзақ ән.
Ақын, әнші атанған ел қазақтың,
Өнерінің бір шыңы ол — Мұзағаң.
Ән мен жырға берілген де құлаған,
Шығарманың азабына шыдаған.
Дала кезіп маржан терген жалықпай,
Еңбек сүйсе, сендей сүйер бір адам.
Қай жанрға Мұзағаңдар бармаған,
Қапысыз-ақ қалың етіп қармаған.
Қисық, қыңыр, қырыс мінез сөздердің,
Қай асауын бағындырып алмаған.
Бабалардан қалған бай, мол мұраның
Інжулерін тірнектеп том құрадың.
Ұйыстырып, інілеріне бас болып,
Әуелеттің қазақтың Әнұранын.
Еңбекпенен көктем өтті жаз өтті,
Күз де өтермен, қыс күтіп тұр кезекті.
Демей — біздің шаршамайтын Мұзағаң,
Сөзден сарай салып жұртын мәз етті.
Қыс келер деп қысылмайтын, саспайтын,
Батылданса, бәрін ұрып тастайтын,
Қуат тауып — нарықтан да шарықтап,
Жыр жазады қайта өмір бастайтын.
Халқың сүйіп дейді өзіңді Мұзаға,
Талай жастар саған еріп Мұзаға.
Келді — енді бәйбішеңнің қасынан,
Ғасыр аспай Мұзағасы ұзама.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұзағаңа өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мұзағаңа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұзағаңа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұзағаңа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері