Сәуегейге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сәуегейге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 524
Жылы қабақ берсем,
Шенің үшін емес-ті.
Ісінді жөн көрсем
Сенің үшін емес-ті.
Атқа қондың ентелеп,
Қолтығыңнан демедім.
Есті кісі ел демек,
Ел қамы ғой деп едім.
Ел мақсатын желеу ғып
Жылымнан сау өттің
Жылмаңдарды медеу ғып,
Мұратыңа жеттің.
Алданыпты алғашқы ой
Деп ойлаған ірі.
Болып шықтың сәуегей
Көп көлгірдің бірі.
Қабағыңды бақпаймын,
Білем, сөйтіп жақпаймын.
Кірпігімді қақпаймын
Қамығып мұң шақпаймын.
Тағдырым шен қолында
Емес деген жанмын.
Не жіберсе арнап
Хақтан күтіп алдым.
Бір күнін, бір сағатың өтпей босқа,
Ғылымнан іңкәр дүниең болмай басқа.
Халықтың ақ сандықтан сыр актара
Жетіпсіз ел ағасы деген жасқа.
Ел деген мақсат-мүдде қиялында,
Сүйікті отағасы ұяның да.
Рахаң атандыңыз әдебиет
Сүйетін үлкен-кіші зиялыға.
Сан сала еңбегіңді тізіп, санап
Не дейін кеткен елге кеңінен тарап.
Қайсыбір атағы мол азулыны
Байқасам, тымақпенен ұрып алады.
Сіз жазған Гүлстанның бұлбұлдары
Болмай-ақ, Шоқан сынды ұлттың ары,
Санайтын ел мерейін өз мерейі
Жетер еді болса сіздей ұлдың бәрі.
Тілегім, болашағыңа айтар датым,
Деген бар ер шығарады елдің атын.
Халқына қара нар боп кызмет ет
Мақтан ғып десін жұртын Азаматым.
Ұзақ жылдар еңбек еттің
Табандап бел қайысып.
Әрі ғылым, әрі қыңыр
Бастықтармен сайысып.
Екеуін де жеңіп шығып,
Профессор, қайраткер
Атын алдың, еңбек жанып,
Ғарыш асып, ой ұшып.
Сәкен аға ескерткішін
Аспандатып қойысып.
Ел ағасы жасқа кепсің
Ақсақалдыққа ойысып.
Жарасар-ау отырғаның
Мынау көркем вазадан Конфет алып,
Күбірәңмен күңкілдесіп шәй ішіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәуегейге өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сәуегейге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәуегейге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәуегейге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері