Гүл екеш гүл де – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Гүл екеш гүл де» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Айтайын несін!
Ойға алғаным өмірдің
Тек тұнығы еді, тереңі.
Шалқыған сәтін тауып бір
асау толқынға
қасқита қарсы
жібермек едім кемені!
Амал не соған
талпынуменен келемін.
Серігім болып
сол баяғы.
арым, әнім мен
асқақ өлеңім.
Әйтеуір соған
бір жететініме сенемін,
Өйткені,
маусымдық гүл екеш гүл де
алаулап, гүл атып барып сөнеді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл екеш гүл де өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Гүл екеш гүл де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл екеш гүл де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл екеш гүл де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері