Сафуанға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сафуанға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Ақ шаңдақ өмір ылғи құйындаған,
Сайысы адамдардың тиылмаған.
Көтеру халық бағын сол сайыста
Әркімнің талайына бұйырмаған.
Ал Сәке, сізге осы бұйырыпты,
Ел қамы сөз боп тілден құйылыпты.
Десіп жүр шаршы топта Колбинді сіз
Сыйғызып құбырына үйіріпті.
Колбиннің болмай шығып иі мықты
Құбыры мойынынан қиылыпты...
Басшысын өзі сайлап тәуелсіз боп,
Ел алшысынан асықты үйіріпті.
Халқыңыз қадірлеген сіздей ұлын,
Дән риза тағдырына сірә бүгін.
Көрсетті дария көңіл дарқандықпен,
Нарықтың қыспағына қыңбайтынын.
Ал, Сәке, мерейтойың құтты болсын,
Бақ дарып шаңырағыңа ортаң толсын.
Сексеннің сеңгірінен асар шақта,
Жанында Қызыр және Бағдат болсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сафуанға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сафуанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сафуанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сафуанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері