Үміт күткен бауырға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үміт күткен бауырға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Түңілсем етті
шықпас деп сенен ештеңе.
Бұл өнеріңді
байқадым екен кеш неге!
Сен деп жүргенде,
желкесін қидың сенімнің
Шықпадың дөңге
бой көрсетпедің сестене.
Кешірім жасап
жүргенде тілің, қалпыңа
Қайшы келетін
елімнің дәстүр, салтына
Сағымдай жазғы
құбылғыш па едің осындай
Кезеңі келсе,
сырт айналатын халқына?
Барабар соған
болып тұр мынау қылығың,
Тіл менен ұлт
ажыратқысыз бір ұғым.
Тілді тұжыру —
жағадан алу атанды,
Адамдық арға
сыйыспас қылық бұл, ұғын.
Керте сен келме,
халықтық игі ұлы іске.
Өзің білмесең,
білгенді бөгеп тиіспе,
Халық қой түгіл
жылқы да емес бұл күнде
Көнбейді оны
қайыра берме ескі күйіске!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт күткен бауырға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Үміт күткен бауырға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт күткен бауырға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт күткен бауырға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері