Жігіттің гүлі дейді өнерліні – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жігіттің гүлі дейді өнерліні» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 925
Қадірлі емес жігіт байлығымен,
Мансабы — қолындағы айдынымен.
Қадірлі ол — ел тірегі ақылды ісі,
Табылған әділеттен қай күнінен.
Жігіттің гүлі дейді өнерліні,
Айнымас бүгінінен келер күні.
Маңғаз да сырбаз қалпы қашан көрсең,
Өнеге болашаққа еккен гүлі.
Осының бәрін көрем тал бойыңнан.
Толғаған терең де, кең нұрлы ойыңнан
Аптықпай анық басқан алымыңнан,
Атқарған, өткерілер іс бойынан.
Іліндің жаңа ғана ер жасына
Шаршамай шығар талай шын басына.
Бейбітжан мерейтойың құтты болсын.
Қазақтың Гомерінің кел жасына.
Көп емес ат берсем де, атан берсем,
Бір сырлы, сегіз қырлы ақтангер сен
Таусылмас сый орнына қабылдашы
Аз жолды әдейі арнап апаң өрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіттің гүлі дейді өнерліні өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жігіттің гүлі дейді өнерліні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіттің гүлі дейді өнерліні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіттің гүлі дейді өнерліні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері