Қазыбекке – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қазыбекке» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 636
Айналайын Қазыбекжан ерледің,
Менменсініп әсте көкірек кермедің.
Ақырын жүріп, анық басып биікке,
Терің төгіп, тек еңбекпен өрледің.
Елеместен нарық шақтың құйынын,
Жеңіп алдың бүгін ғылым биігін.
Докторлармен тайталаста үш сағат,
Дес бермедің, биік тұрды білімің.
Қол қойды олар міне нағыз ғалым деп,
Биік әрі қалай терең қарым деп.
Бір ауыздан дауыс берді ғылымға
Еркін барар шын айтулы дарын деп.
Алдың жеңіп дәрежесін доктордың,
Еңбектің де ең ауырын өткердің,
Табандылық, қажыр, қайрат, жігермен,
Шын ғалымдар тобына еркін кеп кірдің.
Мызғымас қып, ірге тасын — тұғырын.
Салдың дағы алдың қамал мығымын.
Екі аттамда енді екі шың қалды,
Оған да жет ұзақ болсын ғұмырың.
Бұл жолда да еңбек болсын бұлдарың,
Дәлелдеп шық екеніңді шын дарын.
Мақтаныш қып күллі қазақ қуансын,
Өзі екен деп нары айтулы тұлғаның.
Халқына арна енді қалған әр істі.
Жақындатып алынбаған ғарышты,
Өркендетіп шаруасын ауылдың
Ізбасары бол кешегі Қаныштың.

26-30.04.2001


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазыбекке өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қазыбекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазыбекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазыбекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері