Жасай бер, әріптесім! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жасай бер, әріптесім!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 574
Таппай ма әр кеудеден жыр ұясын,
Жыр сүйген жүрегіме нұр құйғасын.
Құттықтап мерейтойымен мен де келдім,
Қазақтың Сазгер ұлы Нұрғисасын.
Соққандай бар тұлғасын он мен күйден
Нұрғиса тәрізді сүй өнер сүйсең.
Қазақтың кен даласы — Сары жайлауы
Ән-күйін тала тыңдап басын иген.
Ақ басын ақ сәлде боп бұлт ораған,
Бойынан Алатаудың гүл бораған.
Жаңғырып ән-күйінен Нұрғисаның
Әлемге баурайынан жыр тараған.
Тау дерлік табысың бар, керім ісің,
Ән-күйді ерттеп мінген пері мүсін.
Қазақтың бақ-талайын аспандатып,
Жасай бер, әріптесім, елім үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасай бер, әріптесім! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жасай бер, әріптесім! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасай бер, әріптесім! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасай бер, әріптесім! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері