Есен-Жаңыл – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Есен-Жаңыл» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2291
Бұл өмір тұрады екен сыйластықтан,
Сыйластық болған жерде қимастық тән.
Өтсе де қаншама жыл, жайымыз бар
Сендермен жүздесетін күнге асыққан.
Десек тe дала тыныш, қала тыныш,
Жер шалғай - мұның өзі жаратылыс.
Тіршілік бағындырып өз заңына,
Ұшарға болмай тұр ғой қанатымыз.
Өмірдің қалып артта өткелдері,
Жастықтың қош айтысты көк белдері.
Алпысқа аман-есен жеттіңіздер,
Дос-жаран күткен сәт бұл көптен бері.
Мерейтой құтты болсын, Есен-Жаңыл!
Сияқты көңілдерің көше - даңғыл.
Өлшеусіз бір-біріңе махаббаттан,
Үлгі алып ұрпақтарың өседі әрбір.
Көңліміз ақ пейілін сақтауда әлі,
Күндердің бірге өткізген тәтті-ау бәрі.
Отырмыз сәлем жолдап Ақ Жайықтан,
Сыйлас пен қимастар деп Ақтаудағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есен-Жаңыл өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Есен-Жаңыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есен-Жаңыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есен-Жаңыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері