Мұңсыз жан жаралмас та – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мұңсыз жан жаралмас та» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 716
Мұңсыз жан жаралмас та,
Адамнан адам басқа.
Көк жойқын теңіз-көлшік,
Көңілі, көзі ашқа.
Сөз зая малға досқа,
Сен оны жанға қоспа.
Елеп іс-әрекетін,
Иінді мұңға тоспа.
Кінәм — сөзіңді кектегенім,
Әулие етпегенім,
Майшелпек болып, сенің,
Өңешіңнен өтпегенім.
Жасымды төкпегенім,
Өскенім, көктегенім,
Түшкіргеніңе жәрәкім Алла деп,
Ол — сенің мақсатқа жетпегенің.
Қанжығаңда кетпегенім.
Өзгеге көрсеткен қорлығың,
Қастығың, зымиян зорлығың —
Дерт болып бойыңды жайлады,
Қарға адым жер саған болды мұң.
Жағалап көрмеген ар елін,
Ниетін не қылған қара едің!
Тағдырыңнан ғибрат алмаған,
Не қылған бейдауа жан едің!
Өзге жан демейсің көгерсін,
Табуға қастық, пай, шеберсің!
Әлемде зұлымдық бар болса,
Өзісің, өзгеше не дерсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңсыз жан жаралмас та өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мұңсыз жан жаралмас та өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңсыз жан жаралмас та өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңсыз жан жаралмас та өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері