Ұйқасын тап – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұйқасын тап» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5634
Тау көтерер шамасы бар,
Дәу машина
(Самосвал)
Тегістейді күнде жер,
Әкем мініп
(Бульдозер)
Құлпырады қырат-қыр,
Жыртып берсе
(Трактор)
Дөңгеленер дала боз,
Жүріп өтсе
(Паровоз)
Тез жетпейтін қала жоқ,
Самғап ұшса
(Самолет)
Қасқырларды үркітті,
Атып атам
(Мылтықты)
Жағаладым
Жағаладым жар жақты,
Қолыма алып
(Қармақты)
Көріп қысқы таңды мен,
Қырға шықтым
(Шаңғымен)
Мұзайдында қалқи мен,
Сырғанадым
(Конкимен)
Қар жентектеп шаттана,
Соқтық біздер
(Аққала)
Тамылжиды күй шалқып,
Ойнай білсең
(Күйсандық)
Салам орман, алаңды,
Қолыма алып
(Қаламды)
Бәрін де тез ұғамын,
Түсіндірсе
(Мұғалім)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқасын тап өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұйқасын тап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқасын тап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқасын тап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері