Жылан

Бұл бетте «Жылан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1284
Жылан бірде Юпитерден өтінді:
«Дауысын бер Бұлбұлдың,
Әйтпесе, өмірім суып қалған секілді.
Қайда барсам, құрғұрдың
Бәрі мені ұрады:
Бірі сәл,
Таяқ жұмсап бірі дәл,
Жан сауғалап, әрең қашып шығамын.
Төзе алмаймын енді мұндай өмірге,
Бұлбұлдайын сайрар болсам тегінде,
Таңдандырып талайды,
Жетіп атақ, абыройға арайлы,
Ұйытар ем әңгімеммен орамды».
Солай етті, деп Юпитер: «Жарайды».
Ысылы мен жылан ізі жоғалды.
Тал басынан ыңғайлы орын сайлады,
Жылан содан Бұлбұлдайын сайрады,
Жақын келіп қонды құстар қайдағы;
Танып қалып «әншіні», ұшты құстар асығып,
Кімге ұнасын мұндай айла-тәсілі?
«Болғаны ма үнім сонша ұнамсыз?» –
Деді Жылан күрсініп.
«Сыңғырап тұр, – деді Торғай, – күмәнсіз,
Жатыр тіпті Бұлбұлменен бір шығып.
Шошыдым тек, айтар болсам шынымды,
Көрген кезде жалақтаған тіліңді;
Тым қауіпті жақындасаң бір қадам.
Ермек емес, шын сөзім-ақ кәдімгі:
Жалықпай-ақ тыңдар едік әніңді,
Бірақ, бізден алысырақ шырқасаң».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жылан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері