Жауынгерлер жыры

Бұл бетте «Жауынгерлер жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3623
Әнін жазған Әліби Әбдінұров

Жауынгерлер – сенімді сергек жандар,
Сабырлық пен сақтықты өрген жандар.
Отанына мызғымас қорған болып,
Ел алдында адал ант берген жандар.
Жауынгерлер тәнімен шыныққандар,
Туған елін жанымен шын ұққандар.
Түн ұйқысын төрт бөліп, тыным таппас,
Арайланып атсын деп тұнық таңдар.

Қайырмасы:
Жауынгерлер – қырандар,
Қайтпас, қайсар ұландар.
Жүрген кезде сап түзеп,
Сұлулардай сылаңдар.
Ел бірлігін жырлаған
Қасиетті ұрандар.
Жаса, жаса, ұландар,
Жауынгерлер – қырандар!

Жауынгерлер ерекше ерлегендер,
Жат пиғылға тізгінді бермегендер.
Тәтті ұйқыда жатсын деп, түн қатады,
Сәбилерін бесікте тербегендер.
Жауынгерлер тәртіпке бағынғандар,
Талапқа сай табанда табылғандар.
Елбасының Жолдауын – қолдауымен
Алға қарай арындап ағылғандар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауынгерлер жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жауынгерлер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауынгерлер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауынгерлер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері