Төбеттің тәрбиесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Төбеттің тәрбиесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1879
Өзі күшті,
Тым сұсты
Өзге иттерден бөлек
Болды бір Төбет.
Қаншығы бірде
Әкесіне мүлде
Ұқсайтын қатты
Бір күшік тапты.
Қуанып Төбет,
Күшігін ерек
Аялап-қақты,
Әлдилеп бақты:
«Күшігім, менің Күшігім,
Шәуілдеп үрген пысығым.
Алпамса туған алыпсың,
Өзімнен аумай қалыпсың.
Ешкімнен қорқып-сескенбе,
Ұяластарыңа дес берме.
Қасыңа келсе, қарағым,
Тамақтан алып талағын.
Тісіңді батыр қоң етке,
Лайық сол іс Төбетке.
Кезіксең егер бөгетке,
Жетемін өзім көмекке»...
* * *
Күшігін солай өсірді,
Күшігі оңай есірді.
Алған соң өсіп шамалы,
Әкесін бір күн талады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төбеттің тәрбиесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Төбеттің тәрбиесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төбеттің тәрбиесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төбеттің тәрбиесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері