Сағындым, сәулем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сағындым, сәулем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2544
Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Ардағым деп аңсап келемін,
Арманым деп ән сап келемін.
Мақсат емес сенің алдыңда
Байлық пенен мансап дегенің.
Бал бұлақты бойлап келемін,
Бір өзіңді ойлап келемін.
Азап па бұл, мейлі мазақ па,
Бір басымды байлап келемін.

Қайырмасы:
Тыңдашы менің әнімді,
Тыңдашы менің жанымды.
Жаққызып түнгі шамымды,
Атқызып нұрлы таңымды,
Сағындым, сәулем, сағындым.

Туасың ба сыршыл айым боп?
Тұрасың ба биші қайың боп?
Мен өзіңді көзбен көруге,
Жедел жетсем деймін дайын боп.
Аңсап тұрып жолда сен мені,
Күтесің бе сонда сен мені?
Бір өзіңнен басқа ешқашан
Сүймеймін мен онда өзгені.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым, сәулем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сағындым, сәулем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындым, сәулем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым, сәулем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері