Қарайды да көздеріме сыр тұнған – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қарайды да көздеріме сыр тұнған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1414
Қарайды да көздеріме сыр тұнған,
Кейбіреулер момын дейді сыртымнан.
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп,
Көрер еді жүрегімді бұлқынған.
Өзімді-өзім жүргеніме басып тек,
Кейбіреулер ойлайды әсте жасық деп.
Көрер еді жанартауды бұрқаған,
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп.
Жеткізе алмай жүргеніме барымды,
Кейбіреулер ұқпайды әлі жанымды.
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп,
Көрер еді әппақ қардай арымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарайды да көздеріме сыр тұнған өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарайды да көздеріме сыр тұнған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарайды да көздеріме сыр тұнған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарайды да көздеріме сыр тұнған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері