Ақтабан шұбырынды

Бұл бетте «Ақтабан шұбырынды» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 2975
Ақтабан шұбырынды...
Кiм бiлер шығынымды?
Кiм жалғар айтыңдаршы,
үзiлген жұлынымды?
ақтабан шұбырынды...
ақтабан шұбырынды...
Қайтпаған кегiн ойлап,
таланған жерiн ойлап
тоз-тоз боп бара жатыр
қазағым «Елiм-айлап».
Аузы ашық жарамыздың...
сесi жоқ даламыздың...
Баланың көзiн шоқып
тойынған қара құзғын.
Жете алмай арманына
дүние зарлады ма?!
Оралған қара жылан
киелi шаңырағыма.
Өртенiп барады ма,
жүрегiм жанады ма?!
Қарақұрт ұя салған
қобыздың шанағына.
Өртенiп барады ма,
жүрегiм жанады ма?!
Жауыздық қолын салған
арудың анарына.
Айтатын сазын анам
қайғысын қазып алам...
Ұлыған жел соғады
даладан азынаған.
Қайтпаған кегiн ойлап,
таланған жерiн ойлап
тоз-тоз боп бара жатыр
қазағым «Елiм-айлап».
Дауыстар шырқыраған
жүректi жұлқылаған...
Көмiлiп ел барады
ақ шаңға бұрқыраған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтабан шұбырынды өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ақтабан шұбырынды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтабан шұбырынды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтабан шұбырынды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері