Отаным – ата заңымыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Отаным – ата заңымыз» атты Абдрахман Асылбек жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2235
Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Отаным деп оянам,
Алтын нұрға боянам.
Отаным – Ата заңымыз,
Асқақ әніміз,
Мәңгілік ел – Отаным,
Сенде таң боп атамын,
Сенде күн боп батамын.

Қайырмасы:
Отан деген асқақ ұғым,
Кең байтақ жерім бар.
Ата Заңым шашқан нұрын,
Егемен елім бар.
Жарқырай бер, әр күн Отан,
Әлемге даңқың бар.
Жаса мәңгі жарқын Отан,
Жасампаз халқың бар.

Отан деген – ақ ордам,
Бақыт құшқан бақ ордам.
Алтын арай таңымыз –
Ата Заңымыз.
Көкте көк ту-байрағы
Қанатын кең жайғаны –
Отанымның айбары.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отаным – ата заңымыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Отаным – ата заңымыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отаным – ата заңымыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Отаным – ата заңымыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері