Шаттық селі

Бұл бетте «Шаттық селі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 935
Тәуелсіз күнім түзеп қаталықты,
Елбасы Абылай ханнан бата алыпты.
Кешегі «Щучинский» деген аудан
Бурабай ауданы боп аталыпты.
Бураны шортан десе таңғалушы ек,
Шыдадық, бала күннен аңғарушы ек.
Алланың берген атын бұйыртпаса,
Білдірмей іштен тынып, зар қағушы ек.
Құттықтап «Гәккулетсек» әнші дайын,
Алтын күз – ақ бидайлы күйші дайын.
Аққу­қаз сексен көлден саңқыл қақса,
Аямас бар өнерін биші қайың.
Ойымды құтты аймаққа бұра бердім,
Келбеті көлде ойнады құба белдің.
Қуандым айдан анық көрінгендей
Ор болып қалған ізі Құлагердің.
Қыздарса жан­жүректі жаңа жалын,
Дербестік жеңісі деп бағаладым.
Сүйінші сұрар бүгін Біржан салдан
Бақида Сәкен, Мағжан ағаларым!

08.09.2009.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаттық селі өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Шаттық селі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаттық селі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаттық селі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері