Алматы. Ойынхана

Бұл бетте «Алматы. Ойынхана» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Аспанның ағылған бозқырау тамшысы,
Жапырақ бояуын мезгілге тонатқан.
Жалынсыз жанарлар көшеде шарпысып,
Адамдар осылай өздерін жоғалтқан.
Таппайсың қаланың
Көңілі қай маңда?
Кешқұрым тәкаппар сұлулар жол алар.
Талыққан нәресте саусағын жайғанда,
Дәніккен құмарпаз үйіне оралар.
Оралар үйіне...
Миында көше әні,
Қоп-қою түтінге тұншыққан мас ұлдар.
Кім енді кімдерді қай жақтан тосады?
Рулетка секілді айналған ғасырлар.
...Тағылым қаншама біз оқып бітірер,
Ертең де басылмас шаһардың аптығы.
Сарғайған жүзіңе уақыт түкірер,
Тәніңді ұлы жер қойнына тапсырып.
О, ұлы даланың оғылан ұланы,
Сіз маған өзге елдің қаласын айтасыз.
Ол жерде осылай құбылғыш шырағы...
«Некесіз тойлардан би-билеп қайтасыз».
Алматы – Лас-Вегас – Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы. Ойынхана өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Алматы. Ойынхана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы. Ойынхана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматы. Ойынхана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері