Өлең, жыр, ақындар

Жалшының зары

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1179
Күн ұзын, әрі ыстық сарша-тамыз,
Соғып тұр аңызғақ жел, жылы нағыз.
Шаршадық жұмыс қылып күні бойы,
Үстіне оның тағы оразамыз.
Сусадық, тамағымыз кеуіп қалды,
Күн әлі ерте, бесінге жаңа барды.
Өткен күн аш өзекке айран іштік,
Бермейді байдың үйі жейтін нанды.
Азырақ дамыл алып ұйықтар едік,
Ұрсады ғой иеміз қалса келіп.
«Өлсең дағы жүре бер жұмыс бітсін,
Қойғам жоқ мен ақшаны тегін беріп»—
Деп біздің мазамызды алады ғой,
Істеліп қалмаған соң жұмыс өніп,
Түбінде ақы бермей қоя ма деп,
Жүреміз кешке дейін дел-дал болып.
«Молдалар жер астында бар,— деп,— тамық»,
Қолына қорқытады құран алып.—
«Ораза ұстап, намазды оқымасаң,
Күйдірер,— дейді,— жанған отқа салып...»
Қиын-ау, ұстамасақ сол бір жері,
Сусыннан қиын шыжып жатқан жанып!
Көрмесең «ол дүниеде» рақатты,
Көрмедік бұл дүниеде сәуле-жарық!..
Мінекей,— келіп қалдым біраз жасқа,
Құрбылар қатын алды менен басқа,
Жалғанда көз ашпадым жалшылықтан,
Ағарды мехнатпен сақал, шаш та!
Үйімде жалғыз ғана сиырым бар,
Қыз айттырсам алады көп қалыңмал
Қырық жетінің аяғын тік бастырып,
Тағы да пәлен жүз сом ақша алар!..
Қолымда қазір оның бірі де жоқ.
Өтеуге тағы талай уақыт керек.
Өлсем-ақ ертең атым жоғалады,
Жалғаннан еттім енді ұрпақсыз боп!.

1917



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мадама

  • 0
  • 0

«Қазақта әйел күң» дейміз,
«Күңдікте әлі жүр» дейміз.
«Кінәлі оған ескі әдет»,
Ескі әдетті тілдейміз.

Толық

Қарқындай құлаш сермесем

  • 0
  • 0

Басқа келген теманың
Қоя тұрып өңгесін,
Бір желпінтіп тастайын
Октябрьдің он бесін.

Толық

Қазақ вальсі

  • 0
  • 0

Май туса, гүлдер шешек атса жазда,
Тоғайда бұлбұл, көлде аққу, қаз да.
Сайраса, біз жастар да нақ солардай,
Бақытқа бөленеміз, сауық назға.

Толық

Қарап көріңіз